Әдемілікті сақтау

Теріңіздің жалпы күтімі

Сезімтал тері күтімін дұрыс жуынудан бастаған жөн. Басқа тері типіне қарағанда сезімтал теріні тазарту қиынырақ, себебі өте сезімтал тері қарапайым суға да тітіркенеді. Сондықтан кей жағдайда бет терісін құбырдан аққан сумен  емес, қайнаған суды суытып немесе минералды сумен жуу керек болады.
Image
  • Беттегі безеулер бойынша кеңес 1300 тг +
  • Беттегі безеуге арналған Reality процедурасы 1750 тг +
  • Бетке күтім жасау шаралары 650 тг +
  • Бетке күтім жасаудың Etch шарасы 950 тг +
  • Бетке толық күтім 12000 тг +
  • Ерлер бетіне күтім 950 тг +
  • Dermaplane 6500 тг +
  • Микродермабразия 1950 тг +
  • Booster Add On 450 тг +
  • Микро пилинг 700 тг +
Image

Теріге пайдалы жеміс-жидектер

Көктем өтіп, жаз келе терімізде өзгерістер болатынын байқап жатамыз. Дақтар пайда болып, бөртуі де мүмкін. Мұндай жағдай көбіне теріге қысқы ауа райынан кейін дәрумендер жетіспеуінен болады.
Дерматолог мамандар теріге пайдалы жеміс-жидекті әркез айтып келеді. Ал жақында диетолог мамандар да теріге қажетті дәрумендерге бай жеміс-жидектің тізімін ұсынды. Бұл тізімде бірінші болып авокадо жемісі тұр.
Авокадо – ағза үшін аса пайдалы жеміс. Онда бет терісінің жас қалпын сақтайтын "Е" дәрумені бар. Авокадо жүрек талмасының алдын алып, күйзеліспен күресуге көмектесе алады және терінің тез жазылуына әсер етеді.
Анар – косметолог мамандар көп тұтынуға кеңес беретін жеміс. Ол терінің зақымдануынан қорғайды, теріні қалпына келтіру процестерін тездетеді. Сондай-ақ коллаген мен эластиннің синтезделуіне мүмкіндік туғызады. Бұл әжім қыртыстарының жазылуына көмектеседі.

Тері неліктен сезімтал бола түседі?

Кез келген типті тері түрлі аурулардың себебінен сезімтал бола түсуі мүмкін. Ол асқазан ішек-жолы, зат алмасу, аллергия, жүйке жүйесі, жұқпалы және тері аурулары болуы мүмкін. Терінің сезімталдығынан арылу үшін алдымен денсаулық мәселелерін реттеу керек.
Кейде тері кенеттен сезімтал болып, өз-өзімен қайтадан қалпына келеді – ол күйзеліс себебінен болады. Дұрыс емес тері күтімі де терінің сезімтал болуына себеп бола алады. Әрине, адамның табиғатынан да терісі өте жұқа әрі әлсіз болуы мүмкін, сондықтан ол уақыт өте одар әрі құрғақтанып, сезімтал болып кетеді.

Дұрыс жуыну

Сезімтал тері күтімін дұрыс жуынудан бастаған жөн. Басқа тері типіне қарағанда сезімтал теріні тазарту қиынырақ, себебі өте сезімтал тері қарапайым суға да тітіркенеді. Сондықтан кей жағдайда бет терісін құбырдан аққан сумен  емес, қайнаған суды суытып немесе минералды сумен жуу керек болады. Сезімтал теріге сабын жақпайды. Сондықтан бет жуатын сүтті құрал алыңыз немесе оны үйден жасаңыз. Мысалы: 1 ас қасық сүт, 1 шай қасық бал және 1 шай қасық өсімдік майын араластыруға болады. Ылғал теріні осы қоспамен жайлап уқалап, жылы сумен шайып тастаңыз.
Макияжды кешке жұмсақ сүтті құралмен сүртіп, тоник жаққан жөн. Спиртсіз тоникті үйден жасауға болады. Ол үшін жарты лимонның шырынын алып, оған 1 шай қасық глицерин және 50 мл қайнаған су құйып, жақсылап аралстырыңыз. Оны тоңазытқышта сақтаңыз. Бұл тоникті күнде таңертең және кешкісін бетіңізге массаждық қозғалыспен жағуға болады.