Дене жаттығуы

Дене жаттығуы

Көпшілік адам денсаулық үшін дене жаттығуларының маңызын түсінеді. Бірақ дене жаттығуларын орындамайды. Дене жаттығуларымен айналыспайтын көп адамның жауабы – менің уақытым жоқ.

Денені жаттықтыру міндетті көп сағатты жаттығуларды қажет етпейді. Ондай жаттығу спортшыларға керек. Қарапайым адамға күніне 10 минут дене жаттықтыру – жеткілікті. Ғылыми зерттеулер бойынша, дене жаттығуымен күніне 15 минут айналысқан адам, алдын-ала өлімнің қаупін 14% азайтады және өмір сүру ұзақтығын үш жылға ұзартады.

Төмендегі кеңестер жаттығу жасауға уақыт бөлуге көмектеседі:

 

1. Ерте тұрыңыз

Ұйқы, әрине, денсаулық кепілі, алайда 30 минутқа ерте тұруға болмай ма? Сол 30 минутты өзімізге арнайық. Таңғы жаттығу – қайраттылық қуаты, сергектік, жақсы тәбет, жақсы көңіл-күй сыйлайды.

2. Медианы қысқартыңыз

Кішігірім тәжірибе жасаңыз. Бір күн ішінде теледидар көруге, компьютер ойнын ойнауға, Facebook не басқа сайттағы қарым-қатынасқа қанша уақыт жұмсайтыныңызды есептеп көріңіз. Жазған жазбаңыз, сізді таңғалдырады. Бұл нәрселерден толығымен бас тартыңыз деп айтпаймыз, кішкене ғана медиаға уақыт шектесеңіз.

3. Белсенді телекөрермен болыңыз

Теледидар көру барысында, қимылдаңыз, керіліп, йогамен айналысыңыз. Мұндай көру – екі есе ләззат сыйлайды. Ал ұзақ жарнамалар сіздің ағзаңыз үшін қағып-сілкінуге арналған.

4. Белсенді ауысу

Жұмыс пен үйдің арасы жарты өмірді алады, алайда бұдан пайда табуға болады. Жұмысқа велосипедпен немесе жаяу барып көріңіз. Қолыңыздан келмей жатыр ма? Онда автобустан аялдамаға ерте шығып, сол бөлікті жаяу жүруге болады. Артық мың қадам сіздің ағзаңызды берік етеді.

5. Мұны өз әдетіңізге айналдырыңыз

Сіз тісіңізді жууға ерінбейсіз ғой, иә? Өйткені, ол әдетке айналып кеткен. Кішігірім жаттығудан бастап көріңіз, мысалы таңғы ас алдында 10 минут жаттығу, кешкі серуен, жарнама кезінде жаттығу және т.б. мұны әр күн, әр кез істеңіз, сонда ол әдетке айналады.

6. Әлеуметтік белсенділік

Адам – әлеуметтік жаратылыс, ол қарым-қатынассыз өмір сүре алмайды. Сіздің қарым-қатынасыңыз қалай жылжып жатыр? Отбасымен табиғатқа шығуды, футболды достармен көруге немесе олармен жүгіруді іске асырып көріңіз. Қолдан келмей жатыр ма? Онда достарыңызды ауыстырыңыз.

7. Қарапайым шаруаларды жаттығумен үйлестіріңіз

Істеуге міндетті, алайда еш қуаныш әкелмейтін шаруалар бар. Оларды дене жаттығуларымен үйлестіріп көріңіз. Таймерді 20 минутқа қойып, жинастыруды бастаңыз. Қарапайым шаруаларды аса жылдам орындау – жақсы нәтиже береді.

8. Жоспарлаңыз

Егер сіз дәрігер қабылдауына жазылсаңыз, оны ұмытпайыз, дұрыс па? Ал маңызды шаруаны? Оны да ұмытпайсыз. Сол сияқты дене жаттығуларын да осылай ету керек, бұл өте маңызды нәрсе. Қажетті жаттығуларды жоспарлаңыз.

9. Сізге ұнайтын нәрсені жасаңыз

Сіз әуес ісіңізге уақыт табасыз, оған сенімдіміз. Егер ұнамаса, сәйкесінше, оған уақыт бөлмейсіз. Дене жаттығуларының сізге ұнайтынын таңдап алыңыз.

10. Жоқ деп айтыңыз

Егер жоғарыдағы пунктерді оқып, әлі де жаттығу үшін уақыт таппасаңыз, жағдай нашар. Онда сізге басымдылық пен мақсаттарыңыздың жүйесін түбірімен өзгерту керек. Кейде «жоқ» деп айтуда тұрған ештеңе жоқ. Иә, сіздердің басқалар алдында міндеттеріңіз бар, бірақ өз алдыңыздағы міндетті де ұмытпаңыз. Өзіңізді жақсы көріңіз, өзіңізді күтіңіз, оны сізден басқа ешкім істемейді!