Тегін жеткізу

Шашқа арналған органикалық өнімдер

Шаш күтімі мен бас терісінің денсаулығы үшін сіздің оларды жуу тәсілдері мен тұрақтылығы басты рөл атқарады. Оның маңыздылығы, біріншіден тазалық, екіншіден сұлулығыңыз жайлы көп мәлімет береді. Зақымдалмаған, жұқармаған дені сау шаштар үшін — қазіргі уақытта жай ғана жуудың өзі жеткілікті күтім болып саналады. Жаздың күні 4-7 күнде бір (тершеңдігіңізге байланысты), қыстың күні 2-3 күнде жусаңыз жетеді.

Хош иістендіргіштер

Уақыт өте спирт пен әтірдегі органикалық қосылыстар буланып кетеді, бұдан әтір өз иісін өзгертуі мүмкін. Иіссулардың орташа сақталу мерзімі 3-6 ай. Егер сіз бұл уақытта иіссуды құртып үлгермесеңіз, әтірді қараңғы, құрғақ жерде сақтаңыз. Теріге жағылған әтір сізбен әсерлесіп, басқаша аңқи бастайды. Иістің қандай болатындығына теріңіздің түрі, ағзаңыздағы ерекшеліктер әсер етеді. Сол себепті дүкенде өзіңізге жаңа иіссу таңдағанда, ұнаған түрін теріңізге жағып көріңіз.

Қолға арналған кремдер

Қол терісін әрдайым күтіп ұстау керек. Жиі крем жағып, ылғалдандырып, құнарландырып тұру абзал. Қол кремін қалай таңдау керек? Сол туралы аз-маз мағлұмат. Қол кремінің құнарландыратын; ылғалдандыратын; қорғайтын түрлері болады. Сонымен қатар, бет терісіне арналған кремдер сияқты күндізгі және түнгі болып бөлінеді. Қайсысын, қай кезде пайдаланған жөн екенін анықтап алайық.